Абай университетінде халықаралық деңгейдегі коучинг-семинар өтті
2025 жылғы 15 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында «Болашақты қалыптастыру: үрдістер, инсайттар және болашаққа көзқарас» тақырыбында халықаралық деңгейдегі коучинг-семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты - білім беру саласында көшбасшылық пен басқару қабілеттерін дамыту.
Семинарға халықаралық деңгейдегі спикерлер: Regional Manager, ICF Professional Coaches Organization, International Coaching Federation Pac Nararat Vachiramanaporn, EDU Stream жобалық кеңсесінің жетекшісі, ICF Қазақстан Директорлар кеңесінің мүшесі, 2023 жылғы «Ең үздік әлеуметтік коучинг жобасы» жүлдегері, PhD Дана Джантемирова, командалық және басқарушылық коуч, ICF Қазақстанның алғашқы Президенті, ICF Global 2024 халықаралық сыйлығының иегері, PCС Елена Григорьева, көшбасшылар мен командалардың коучы, бизнес-психолог, ICF Russia президенті (2016-2017), автор және ментор, ICF аккредиттелген курстар әзірлеушісі, MCC Елена Челокиди және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айнұр Идрисова қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар тиімді коммуникация, коучинг әдіснамасы және білім беру саласында халықаралық стандарттарды енгізу мәселелеріне арналды.
Коучинг - тек жеке даму құралы емес, сонымен қатар білім беру ұйымдарында тиімді басқаруды қалыптастыру тетігі. Коучинг мәдениетін енгізу - білім беру мекемелеріндегі өзара әрекеттестік сапасын арттырып, оқыту нәтижелеріне оң әсер етеді. Бүгінгі семинар - дәл осы бағыттағы маңызды қадам. Халықаралық тәжірибеге негізделген бұл бастама еліміздің білім саласында жаңа басқару тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді.





