қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.05.2025

Абай университетінде SciVal платформасын қолдану бойынша семинар өтті

 

2025 жылғы 15 мамырда Абай университетінде «SciVal платформасын тиімді пайдалану: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибелер» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараға Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, ғылым департаментінің қызметкерлері, факультет декандарының орынбасарлары, докторанттар және оқытушы-профессорлық құрам қатысты.


Семинардың мақсаты - ғылыми зерттеу нәтижелерін талдауға арналған SciVal платформасының мүмкіндіктерін таныстырып, оны тиімді қолдану бойынша нақты тәжірибелермен бөлісу.


Семинар спикері, Informascope компаниясының кеңесшісі Рабиға Хожамқұл қатысушыларға SciVal платформасы арқылы ғылыми-зерттеу көрсеткіштерді бағалау, зерттеу бағытын жоспарлау және докторанттар үшін рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялау әдістері туралы кеңес берді.


Іс-шара барысында қатысушылар платформадағы аналитикалық құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін үйреніп, өздерінің ғылыми жұмыстарын нәтижелерін жариялау жолдары туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар, семинар тәжірибе алмасу алаңына айналып, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=