қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.05.2025

Абай университетінің студенті XIII Жазғы Универсиадада қола жүлдегер атанды


2025 жылғы 16 мамырда Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында XIII Жазғы Универсиада өтті.

 

Бұл ірі спорттық додаға еліміздің жоғары оқу орындарынан 65-ке жуық команда қатысты. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 1 курс студенті Спандияр Баймуханов дзюдо спорт түрі бойынша 66 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, үздік нәтиже көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды.

 

Университет ұжымы Спандияр Баймухановты осы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да спорттық табыстар мен жарқын жеңістер тілейді!

 

  alt=  


  alt=  


 

  alt=