![]()
20.05.2025 ҚазҰПУ студенті «ЖАС ҒАЛЫМ – VII» конференциясында «Үздік баяндамашы» атанды 2025 жылдың 11 сәуірінде Астанада Назарбаев университетінің ұйымдастыруымен «ЖАС ҒАЛЫМ - VII» Республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтті.
Конференция Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Назарбаев университетінің 15 жылдығына арналды. Шара «ХХІ білім-ғылым кеңістігіндегі Абай феномені» тақырыбы аясында өтті, мақсат - жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін насихаттау және олардың ғылыми ізденістерін қолдауға бағытталды.
Конференцияда еліміздің барлық университеттерінен келген дарынды студенттер мен магистранттар өз жобаларын ұсынып, ғылыми әлеуеттерін көрсетті. Аталған конференцияға Астана қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Білім беру институтының «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1 курс студенті Абай Нұбаракұлы қатысып, «Үздік баяндамашы» атанды.
Айта кетейік, Абай Нұбаракұлының ғылыми жетекшісі - академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының PhD, аға оқытушысы Серікбол Сыздықов.
Құттықтаймыз!
|