Абай атындағы ҚазҰПУ-да Лихай университеті (АҚШ) өкілдерімен кездесу
2025 жылдың 20 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Лихай университеті (Lehigh University, АҚШ) өкілдерімен кездесу өтті. Делегацияны Creative Inquiry департаментінің директоры Мехта Кханджан Рашмикант мырза бастап келді. Сонымен қатар, делегация құрамында америкалық университеттің студенттері де болды.
Абай атындағы ҚазҰПУ атынан кездесуге стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Искакова Айгүл Төлеутайқызы, Жаратылыстану және география факультетінің деканы Қаймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Сапарғалиева Баян Оралханқызы және Заң басқармасының басшысы Құдабаев Еркебұлан Аманбекұлы қатысты.
Кездесу барысында екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісімнің құқықтық аспектілері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, тараптар академиялық ынтымақтастық бағыттарын талқылауға арналған келесі кездесуді факультет деканатының қатысуымен өткізу туралы уағдаласты.
Бұл кездесу Абай атындағы ҚазҰПУ мен Лихай университеті арасындағы халықаралық әріптестікті және академиялық алмасуды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.


