қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.05.2025

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысы


2025 жылдың 16-мамыр күні Алматы қаласында Біріккен ұлттар ұйымының кеңсесінде өткен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогика және мұғалімдерді оқыту бойынша ЮНЕСКО кафедрасының жетекші маманы Сарсенбаева Гүлназ Хамидоллаевна қатысты.


Ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Карин жасалған және алда жасалатын көптеген жұмыстарды атап өтті. Былтырғы жылы ЮНЕСКО және ИСЕСКО бекіткен 21 тапсырманың 18-і орындалғандығын, қалғаны орындалу барысында екендігі айтылды.

 

Олар:
 «Беташар» ұлттық бірегей дәстүріміз ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мұраларының репрезентативті тізіміне енгізілген (сертификат табысталды);
 «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық тізіміне енгізілді;
 Маңғыстаудағы жерасты мешіттерінің ЮНЕСКО мұраларының тізіміне енуі бойынша жұмыстар жасалуда;
 Климаттық зерттеулер жүргізуге қатысты ғылыми орталықтың жұмысын жандандыру;
 Қожа Ахмет Яссауи кесенесін сақтау бойынша жұмыстарды жалғастыру;
 Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде тойлауға дайындық жұмыстарын жалғастыру;
 Самарқандта өтетін ЮНЕСКО-ның 43-сессиясына белсенді қатысу, қолдау және т.с.с. көптеген жұмыстар жөнінде баяндады.


Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар мәдени және табиғи мұра, ғылым мен білім мәселелеріне арналған баяндамаларды тыңдап, талқылады.

 

  alt=  


  alt=