қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.05.2025

Абай университетінде Польшаның Алматы қаласындағы Бас консулымен ресми кездесу өтті


2025 жылғы 21 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Польшаның Алматы қаласындағы Бас консулы Дариуш Шевчик бастаған делегациямен ресми кездесу өтті.

 

Ынтымақтастық бойынша мәселелерді талқылау мақсатында өткен кездесуге Польшаның Алматы қаласындағы Бас консулы Дариуш Шевчик, вице-консул Павел Недзведзки және поль тілінің оқытушы Юстина Яник, университеттің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп, академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапаргалиева, физика кафедрасының меңгерушісі Владимир Косов, Филология факультетінің деканы Алуа Танжарыкова, орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сауле Абишева, халықаралық жобалар мен ынтымақтастық бөлімі басшысы Айгерим Тавылдиева қатысты.

 

Тараптар білім және ғылым саласындағы екіжақты серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылап, академиялық ұтқырлық, қос дипломды бағдарламалар және мәдени-гуманитарлық бастамалар аясындағы жобаларды дамыту жөнінде уағдаласты.

 

Айта кетейік, бүгінде Абай университеті Польшаның 8 жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс орнатып, халықаралық келісім жасасқан. Соның ішінде Помор университетімен бірлескен қос дипломды бағдарлама жүзеге асып келеді. Сондай-ақ 30-дан астам студент Польшада білім алып жатыр, ал кейінгі оқу жылында 70-ке жуық студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы Польшаның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқып қайтты.

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=