![]()
22.05.2025 «АМАНАТ» партиясының өкілдері ҚазҰПУ-дағы партиялық жұмыс барысымен танысты 2025 жылғы 21 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Астана қаласынан «АМАНАТ» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру-аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары Жандос Қалтаев, «АМАНАТ» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы Жанар Машенова және Алматы қаласы «АМАНАТ» партиясы мен Медеу аудандық «АМАНАТ» партиясы филиалы өкілдері арнайы келіп, «Жоғарғы білім» бастауыш партия ұйымының жұмыс барысымен танысып, кездесу өткізді.
Кездесу барысында Абай университетінің жанынан құрылған «Жоғарғы білім» бастауыш партия ұйымының орынбасарлары - ҚазҰПУ-дың аппарат басшысы, «Жоғарғы білім» - бастауыш партия ұйымының орынбасары Жанатбек Ішпекбаев және Түлектер қауымдастығының жетекшісі, «Жоғарғы білім» - бастауыш партия ұйымының орынбасары Болатбек Нұрбатыров атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алға қойылған жұмыс жоспарларын бөлісті.
Қонақтар партия жобаларын қолдау және жүзеге асыруда істелінген жұмыстардың бірі - Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойының қарсаңында ашылған кабинетпен таныстырылып, «Жоғарғы білім» БПҰ-ның кабинетіне келіп құжаттарды тексеріп, кабинеттің жабдықталуына көңіл бөлінді.
|