![]()
22.05.2025 Foundation факультетінде кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда 2025 жылдың 20 мамырында Алматы облысы, Қарасай ауданының мектеп мұғалімдеріне арналған кәсіби бағдар беру семинары өтті. Аталған шарада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Foundation факультетінің кафедра меңгерушісі Арайлым Утемисова 2025 жылғы мектеп бітіруші түлектер үшін дайындық бөлімі аясында жүргізіліп жатқан кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында дайындық бөлімінің мақсаты мен міндеттері, білім беру мазмұны және бағыттары жан-жақты таныстырылып, талапкерлерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, университетке қабылдану талаптары, мамандықтар бойынша таңдау мүмкіндіктері мен оқу үдерісі туралы нақты мәліметтер ұсынылды.
Іс-шара Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылындағы «Кемертоған ауылындағы жайлы мектеп» КММ базасында өтті. Семинарға қатысқан мұғалімдер кәсіби бағдар беру бағытындағы мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, университетпен тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді.
Осындай іс-шаралар мектеп түлектеріне болашақ кәсіби жолын дұрыс таңдауға көмектесіп, саналы шешім қабылдауына жол ашады.
|