![]()
22.05.2025 «Ғылымдағы тіл стратегиясы: мәселелері мен шешу жолдары» республикалық семинар-кеңесі
2025 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Астана халықаралық университетінің ұйымдастыруымен Астана халықаралық университетінде «Ғылымдағы тіл стратегиясы: мәселелері мен шешу жолдары» атты республикалық семинар-кеңес өтті.
Іс-шара ғылыми кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ғылыми мақалалардың, диссертациялық жұмыстардың, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың және құжат айналымның мемлекеттік тілде жазылуын қамтасыз етуде әкімшілік ұйымдастырушылық процесті жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының мемлекеттік тілді дамытуға жауапты лауазымды тұлғалары, Ғылым, Жоғары және жоғары оқу орнынын кейінгі білім, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеттерінің, Жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері қатысты. Семинар-кеңеске Абай атындағы ҚазҰПУ-дан Аппарат басшысы, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Жанатбек Ішпекбаев, зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан қатысып, маңызды ойларын ортаға салды.
Шараның модетаторы - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов.
|