қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.05.2025

Абай рухына тағзым: Алматы құтқарушыларына арналған тағылымды кездесу

 

2025 жылғы 16 мамырда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Академик С. Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы бірлесіп, азаматтық қорғау саласының қызметкерлеріне арналған танымдық іс-шара ұйымдастырды. Шара ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналды.


Іс-шара аясында қатысушылар университет жанындағы Абай мұражайын аралап, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлермен танысты. Мұражай экспозициясы Абайдың әдеби және рухани мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді.


Шара барысында белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Шойынбет Жабал Абай шығармашылығы мен оның философиялық ой-толғамдары жөнінде дәріс оқыды. Ғалымның баяндамасында Абайдың адамгершілік, имандылық және рухани тәрбиеге қатысты ойларының бүгінгі қоғам үшін өзектілігі атап өтілді.


Мұндай танымдық кездесулер құтқарушылардың кәсіби даярлығымен қатар, олардың рухани-мәдени дамуына да ықпал етеді. Абай мұрасына арналған бұл іс-шара азаматтық қорғау қызметкерлерінің бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырып, рухани серпін берді.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=