![]()
22.05.2025 Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері «Өмірдің мәні – бұл не?» эссе байқауын өткізді 2025 жылдың 21 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аралас форматта «Менің болашағым: Мен кеше. Мен бүгін. Мен ертең» Шетел студенттері форумы аясында «Өмірдің мәні - бұл не?» эссе байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушылары - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті Мәдениетаралық қарым-қатынас және әлем тілдері орталығы (педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сауле Бегалиева), Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті (филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, деканның орынбасары Ақтоты Ақжолова; әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушысы Сауле Исалиева), «№ 134 лицей» КММ (педагог-психолог Венера Окасова) және Eurasian Scientific and Methodological Journal «East-West» for master and doctoral students, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қолдауымен.
Байқаудың модераторлары - «6В01101 - Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 3(3 ж.) және 4 курс студенттері Аскарова Милана, Осина Любовь, Заводовская Виктория. Сарапшылар (қазылар алқасы) - 11 сынып оқушылары Ибраимов Сұлтанали, Полякова София, Бабаев Султан, Татаркин Иван.
Байқау барысында қатысушылар баяндамалар жасап, сұрақтарға жауап беріп, пікірталас жүргізіп, талқылады. Өзара қызығушылық пен ашық диалог жаңа форматтың тиімділігін көрсетті: бұл жолы студенттерді мектеп оқушылары бағалады, ал оқытушылар бақылаушы ретінде қатысып, кері байланыс берді.
Одан кейін интерактивті тақтада қатысушылар байқаудың тақырыбын көз алдына елестетіп армандары мен идеяларын ортаға салды.
ZOOM-ның жаңа мүмкіндіктері мен бірлесіп жұмыс істеу құралдарын пайдалану арқылы бұл өте қызықты болды.
Соңында байқаудың қорытындысы шағыралып, барлық баяндамашыларға дипломдар мен сертификаттар, ал сарапшылар мен модераторларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
|