![]()
23.05.2025 Фуцзянь Хайна білім және технология тобының делегациясымен ресми кездесу 2025 жылғы 22 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Фуцзянь Хайна білім және технология тобының делегациясымен ресми кездесу өтті.
Кездесуге Абай университеті тарапынан стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева қатысты.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, магистратура және докторантура деңгейінде бірлескен оқу жобаларын әзірлеу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу саласында серіктестік орнату жолдары қарастырылды.
Тараптар сондай-ақ өзара ынтымақтастыққа мүдделілік танытып, алдағы уақытта нақты келісімдер мен іс-шаралар жоспарын әзірлеуге уағдаласты. Бұл бастамалар білім беру саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтып, студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.
|