![]()
23.05.2025 Студенттердің құқықтық санасы мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудағы ҚР Конституциясының рөлі 2025 жылдың 21 мамырында Тарих және құқық факультеті құқықтану кафедрасының оқытушылары білім беру және тәрбие жұмысы аясында жастарға құқықтық білім берудің өзекті мәселелерін, студенттердің құқықтық санасы мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлін талқылау мақсатында «Конституция және білім беру: студенттердің құқықтық дүниетанымын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты - студенттердің құқықтық дүниетанымын қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Конституциясының маңыздылығын талқылау, білім беру жүйесіндегі құқықтық білім берудің тиімді нысандары мен әдістерін анықтау.
Іс-шараға Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Ақерке Меңліғазиева, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Маулен Аубакирұлы, Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Мадина Жансултанова қонақ ретінде шақырылды.
|