Aбай университетінің зерттеу тобы жұмыс сапарымен Жапонияда болды
2025 жылғы мамырдың 17-21 аралығында Токиода білім мен ғылым салаларындағы мәселелер бойынша түрлі елдердің өкілдерін біріктірген AASE ICESS-TOKYO-2025 халықаралық конференциясы (Asian Association for Scientific Education - International Conference on Education and Social Sciences) өтті.
Абай университетінің зерттеу тобы құрамындағы п.ғ.д., профессор Ұлжарқын Абдигапбарова, п.ғ.к., профессор-зерттеуші Айман Берикханова, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Даража Исабаева (AlmaU), п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Айгүл Сыздықбаева (ҚазМемҚызПУ) конференция секцияларына белсене қатысып, «Research on Students` Online Activity in Social Networks» атты баяндамасымен таныстырды. Баяндама ҚР ҒЖБМ БНҚ BR21882318 «ЖОО-ның онлайн қауымдастығында оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру жүйесін кастомизациялау» жобасы аясында дайындалды.
2025 жылғы 21-22 мамыр аралығында тәжірибе алмасу мақсатында зерттеу тобы Окаяма университетіне барды. Онда олар дөңгелек үстел жұмысына қатысып, ЖОО онлайн қауымдастығында оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, кітапханалар жұмысы, цифрлық технологиялар бойынша электрондық ресурстар және жасанды интеллектті білім беру процесіне енгізу бағыттарымен танысты.




