![]()
27.05.2025 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдерінің Абай орталығына сапары 2025 жылғы 23 мамырда «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Жетісу және Алматы облыстық филиалдарының өкілдері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Абай орталығына арнайы сапармен келді. Іс-шараны Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы және Абай орталығы ұйымдастырды. Бұл кездесу ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды.
Сапар барысында Абай орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жабал Шойынбет Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды дәріс оқыды. Қонақтар университет мұражайымен танысып, қазақ халқының бай рухани-мәдени мұрасына қанықты. Іс-шара қонақтардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттырып, рухани байлық сыйлады.
|