![]()
28.05.2025 Білімге бастар жол: студенттердің Ұлттық кітапханаға сапары 2025 жылдың 27 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география факультеті «6В01510-Химия», «6В01512-Химия-биология», «6В01511-Химия ағылшын тілінде» және «6В05301-Химия» мамандықтарының 2 курс студенттеріне оқу бағдарламасына сәйкес оқу практикасы өткізілді.
Оқу практика жетекшілері: аға оқытушылар Каражанова Д.А., Оразбаева М.А., Манапов Н.Т. және оқытушылар Бектас Ж.С., Елемес Д.М.
Практика барысында студенттер Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына барды. Кітапхананың бірінші қабатында абонемент бөлімі, мәжіліс залы бар. Екінші қабатта каталог, оқырмандар өзі алып оқуға арналған кітап қоры орналасқан. Кітапханада 2 курс студенттеріне экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында студенттер оқу залындағы негізгі және қосалқы қорлардан әдебиеттерді іздеу жолдарымен, сонымен қатар сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар, карталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдармен танысты. Студенттерге өте бағалы кітаптар, интернет-ресурстар, өнер туындыларының көрмелері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері туралы ақпарат берілді.
Бұл практика студенттердің кітапқа деген сүйіспеншілігінің, оқуға деген ынтасының артуына, кәсіби білімдерін жетілдіруге және зерттеу дағдыларын шыңдауға ғана емес, сонымен қатар ақпарат көздерін тиімді пайдалануға, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға, топпен жұмыс жүргізу дағдыларын дамытуға және рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтуге үлкен септігін тигізді.
|