қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.05.2025

Абай университеті Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы мекемелерімен ынтымақтастық орнатты


2025 жылғы 28 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Жамбыл облысы Білім басқармасының Оқу-әдістемелік орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.

 

Меморандумның мақсаты - білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, кәсіби педагогикалық білім беру мазмұнын жаңарту және студенттерді белсенді педагогикалық қызметке дайындау, академиялық, ғылыми және педагогикалық қоғамдастықтың қызметін біріктіру және оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша тәжірибе мен ақпарат алмасу, педагогтерге қойылатын заманауи талаптарға сәйкес мамандар даярлаумен байланысты бірлескен қызметті үйлестіру, өзара қызығушылық тудыратын ғылыми зерттеулер, жаңа зерттемелер, жарияланымдар және басқа да материалдар бойынша ақпаратты таратуға қолдау көрсету, педагог мамандардың біліктілігін арттыру.

 

Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің директоры Саясат Есеев, Жамбыл облысы Білім басқармасының Оқу-әдістемелік орталығының директоры Шахризада Усерова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нұржамал Ошанова, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары Гүлнар Балахметова, Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Найманбаев, Education management school орталығының қызметкерлері қатысты.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=