![]()
28.05.2025 АҚШ-тың Миддлбери колледжінің өкілдерімен ресми кездесу
2025 жылғы 26-27 мамыр күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде АҚШ-тың Миддлбери колледжінің өкілдерімен ресми кездесу өтті. Бұл шара университеттің халықаралық байланыстарын кеңейту және стратегиялық серіктестікті нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан университеттің стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Искакова, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақау, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева, Өнер факультетінің деканы Кәрім Байгутов қатысты.
Миддлбери колледжі тарапынан кездесуге аталған колледждің Қазақстандағы филиалының басшысы Цихелашвили Нана Шотаевна және бағдарлама үйлестірушісі Анна Мельникова келді. Қонақтар университеттің оқу үдерісімен, инфрақұрылымымен, халықаралық бағдарламаларымен және студенттік өмірмен танысты.
Кездесу барысында екіжақты академиялық ынтымақтастықтың келешегі, нақтылай айтқанда академиялық ұтқырлық бағдарламалары, оқытушылар мен студенттер алмасу мүмкіндіктері, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Миддлбери колледжінің екі студентінің 2025-2026 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алуға ниет білдіруі жоғары бағаға ие болды.
Кездесу нәтижесінде тараптар алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға және нақты жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл кездесу Абай атындағы ҚазҰПУ-дің халықаралық әріптестігін дамытудағы маңызды қадам болып табылады.
|