![]()
29.05.2025 Университет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту шаралары талқыланды Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды зерделеу және қабылдау мақсатында, Басқарма төрағасы - ректордың 2025 жылғы 19 мамырдағы № 05-04/435 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды.
2025 жылғы 26 мамырда жұмыс тобының барлық мүшелері - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы мен қызметкерлерінің, университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры, Департамент директорының орынбасары, құрылымдық бөлімшелер басшылары және орталықтар өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оларды азайту және алдын алу шараларын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Жұмыс тобы университет қызметіндегі ашықтық пен есептілікті арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірледі.
|