қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.05.2025

«Қазақстандық ғылыми мерзімді басылымдарды трансформациялау: өзекті мәселелер мен болашақ даму жолдары» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады

 

2025 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақстандық ғылыми мерзімдік басылымдарды трансформациялау: проблемалар мен болашақ перспективалар» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады.


Конференцияның мақсаты - ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру, редакциялық процестерді жетілдіру, педагогикалық бағыттағы журналдардың өзекті мәселелерін талқылау және генеративті жасанды интеллектті қолданудың тиімді жолдарын қарастыру болды.


Іс-шараға қазақстандық ғылыми журналдардың 200-ге жуық өкілі, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми жұмыс жөніндегі проректорлары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар, Ғылыми редакторлар мен баспагерлер қауымдастығының (АНРИ) өкілдері, Clarivate және Elsevier компанияларының стратегиялық серіктестері мен «Taylor and Francis» баспа үйінің мамандары қатысты.


Бүгінгі конференция аясында үш сессия өтті. Атап айтқанда, «Ғылыми жарияланымдардағы генеративті интеллект» тақырыбында воркшоп, «Қазақстандық педагогикалық журналдардың мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел, сондай-ақ «Редакциялық процестердің маркетингі» атты воркшоп.


«Ғылыми жарияланымдардағы генеративті интеллект» тақырыбында басталған алғашқы сессияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова қатысып, қатысушыларды құттықтады. Бұл сессияда ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА Өмір туралы ғылым орталығының басшысы Марлен Есиркепов, «Антиплагиат.ру» компаниясының өкілі Ольга Беленькая, ҚР ҒЖБМ Сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Жұлдыз Мусурова және халықаралық сарапшы, профессор, доктор Меганатан Рамасами мазмұнды баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.


Ал «Қазақстандық педагогикалық журналдардың мәселелері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге ҚР ҒЖБМ Ғылым жәнежоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Қарлығаш Сәкенова модераторлық етіп, бірқатар сала мамандары өз ой-пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, «Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы» журналының ғылыми редакторы Шолпан Колумбаева, «Педагогика және психология» журналының бас редакторы Ұлжарқын Абдигапбарова, «Gumilev Journal of Pedagogy» журналының редакторы Гүлбақыт Менлибекова және Шәкәрім университеттің ғылыми орталығының директоры Оралтай Жолымбаев өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды.

 

Үшінші сессия - «Редакциялық процестердің маркетингі» тақырыбындағы воркшопқа Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан модераторлық етті. Сессияның негізгі спикері - халықаралық сарапшы және зерттеуші Сергей Парамонов болды. Ол «Журналдардың көрінуін жақсарту және жылжыту үшін маркетинг құралдары» тақырыбында баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.


Естеріңізге сала кетейік, конференция 30 мамырда жалғасын тауып, шара барысында «Ғылыми журналдарды халықаралық дәйексөз жүйелеріне ілгерілету бойынша ұсыныстар» атты мастер-класс, «Taylor and Francis журналдарының редакциялық тәжірибелеріне шолу: гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар» тақырыбындағы воркшоп, «Редакторлардың үздік тәжірибелері: қазақстандық тәжірибе» атты пайдалы сессия және пленарлық сессия өтеді.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=