қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.05.2025

Абай университетінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті


2025 жылғы 30 мамырда ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен «Қоғамда Заң және Тәртіп идеологиясын ілгерлету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары» бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында «Халық заңгері» республикалық кең ауқымды акциясы өтті.


Алматы қаласының Әділет департаменті мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтар мен заңды тұлғаларға білікті заң көмегін, құқықтық көмек көрсету.


Акцияға мемлекеттік билік органдары, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Алматы қаласының прокуратурасы, Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, Алматы қаласының Білім басқармасы, Полиция департаменті, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері және Қазақстанның үздік заңгерлері мен жеке сот орындаушылары қатысты.


Науқан аясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері қала тұрғындарын ақысыз қабылдады. Заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар халықты қызықтырған сауалдарға жауап беріп қана қоймай ұсыныстар айтты және заң тұрғысынан көмектесті. Азаматтар кеңес, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінен өзіне қажетті мәселелер бойынша түсініктеме алды.

 

Сондай-ақ шара барысында неке-отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй, еңбек, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, несие, жол құрылыстары, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық сияқты мәселелер бойынша 40-қа жуық сарапшы кеңес берді. Акцияға Алматы қаласы бойынша 100-ден астам азамат қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=