![]()
02.06.2025 «Жасанды интеллект бағытындағы ғылыми-зерттеу жобалары және олардың даму үдерісі» дәрісі 2025 жылғы 30 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект бағытындағы ғылыми-зерттеу жобалары және олардың даму үдерісі» дәрісі өтті.
Дәрісті ҚР БҒМ ФК «Ақпараттық және есептеу технологиялар институты» РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, PhD, профессор Өркен Мамырбаев оқыды.
Дәріс барысында жасанды интеллект саласындағы заманауи ғылыми зерттеулердің бағыты, өзекті жобалар мен олардың жүзеге асу жолдары кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар жас ғалымдар мен магистранттарға арналған ғылыми-зерттеу қызметінің ерекшеліктері мен даму мүмкіндіктері туралы құнды мәліметтер берілді.
Дәріске «Информатика» (7М01507, 7М01508, 8D01507) және «Ақпараттық жүйелер» (7M06102, 8D06102) білім беру бағдарламасының магистранттары мен докторанттары қатысты. Қатысушылар спикерге мазмұнды сұрақтар қойып, терең әрі мағыналы пікір алмасу жүргізді.
Бұл іс-шара ғылыми танымды арттырып, қатысушыларға жасанды интеллект саласындағы өз білімдерін кеңейтуге үлкен мүмкіндік берді.
|