қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.06.2025

Абай университетінің ректоры мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты


2025 жылғы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы қаласында «Батыр» Президенттік полкінің арнайы тобы мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өткізді. 

 

Алматының «Медеу» биік таулы спорт кешенінде ұйымдастырылған патриоттық іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Абай университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп, сондай-ақ Абай университетінің 200-ден астам белсенді студенттері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер тұста Б. Байқадамов атындағы хор капелласы мен Алматы гарнизонының үрлемелі оркестрі Мемлекеттік Әнұранды орындады.


Ал, салтанатты іс-шарадан кейін көпшіліктің назарына қаладағы жетекші шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермен «Қазақстаным», «Отан», «Туған жер», «Туған жерім тамаша», «Сүйікті елім», «Мен Қазақпын», «Ұлы дала», «Қазағым», «Атамекен» сынды бірқатар патриоттық әрі эстрадалық композицияларды тыңдады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=