қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.06.2025

«Таң дәуірі шеберлерінің фрескаларының репродукциялары» көрмесінің ашылуы


2025 жылғы 5 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультеті «Жасампаз» галереясында «Таң дәуірі шеберлерінің фрескаларының репродукциялары» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмені Өнер факультеті мен Қытай Халық Республикасындағы Сиань шет тілдер университеті бірлесе отырып ұйымдастырды.

 

Көрменің мақсаты - тек қытай халқының емес, бүкіл адамзат өркениетінің ортақ байлығы саналатын көне өнерді көпшілікке көрсету ғана емес, сондай-ақ жастардың тарихқа, мәдени мұраға деген қызығушылығын ояту. Туындылар арқылы біз адамзаттың көркем ойлау қабілетінің даму тарихын танимыз.

 

Көрменің ашылуы - бұл мәдени диалогтың бастамасы. Ол бізге өткен мен бүгіннің арасындағы байланысты сезінуге мүмкіндік береді. Өнер - ұлт пен уақыттан жоғары тұратын күш, ол адамзат жүрегін бір-біріне жақындатады. Таң дәуірінің фрескалары осыны тағы бір дәлелдеп отыр. «Таң дәуірі шеберлерінің фрескаларының репродукциялары» көрмесі - өнерге, тарихқа және мәдени мұраға тағзым. Бұл көрме бізге өткеннің үні мен сұлулығын естуге мүмкіндік беретін, рухани әлемімізді байытатын ерекше мәдени оқиға болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=