![]()
11.06.2025 Абай университетінің Мансап орталығы «Ең үздік орталық» атанды 2025 жылғы 11-12 маусымда Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде республикалық Мансап орталықтарының дәстүрлі форумы өтті.
Іс-шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Мансап орталығының жетекшісі Рақымберді Жетібай «Университет пен жұмыс беруші: ортақ мақсат - тұрақты жұмыспен қамту және білікті маман даярлау» атты баяндама оқыды.
2024-2025 оқу жылының қорытынды нәтижесі бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мансап орталығы республика бойынша «Ең үздік орталық» деп танылды.
|