қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.06.2025

ҚазҰПУ медицина қызметкерлеріне арнайы алғыс хат табыстады


2025 жылғы 13 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі проректоры Мақсат Жақау Медициналық қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай, университетпен бірлесе қызмет атқарып келе жатқан медициналық клиникалардың үздік мамандарына арнайы алғыс хаттар табыстады. 

 

Басқарма Төрағасы-ректордың алғыс хатымен «СК Med» медициналық клиникасың басшысы Айна Асмагиева, дәрігері Айсулу Асмагиева, «LS Clinic» медициналық клиникасының қызметкері Айназ Батырбек, Бағдат Жетібек және «A Clinic» медициналық клиникасының қызметкерлері Мадина Әбдібек, Гулинур Авдинова марапатталды.

 

Сонымен қатар университет басшылығының ұсынысымен Түлектер қауымдастығының жетекшісі, «Жоғарғы білім» - Бастауыш партия ұйымының орынбасары Болатбек Нұрбатыров жергілікті «AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ержан Медеуовтың алғыс хатын ұзақ жылдар бойы университет білім алушыларына медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан, «A Clinic» медициналық клиникасының басшысы Калипа Джардемова мен бас дәрігері Гульмира Нурбековаға табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=