қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.06.2025

ҚазҰПУ-да профессор-оқытушыларға арналған «Жазғы мектеп – 2025» өз жұмысын бастады


2025 жылғы 16 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған «Жазғы мектеп - 2025» өз жұмысын бастады. Жазғы мектептің алғашқы күні «Заманауи білім: жаңашылдықтар мен мүмкіндіктер» атты сессиямен ашылды.


Жазғы мектеп жұмысына Абай университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нұржамал Ошанова, факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.


Сессия аясында келесі өзекті тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар ұсынылды: «Академиялық еркіндік - жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігі мен орнықты даму факторы ретінде». Баяндамашы: академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова; «Нормативтік актілердің білім беруді дамытуға әсері. Баяндамашы: Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков; «Жасанды интеллект және білім беру бағдарламаларының педагогикалық дизайны». Баяндамашы: Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нұржамал Ошанова; «Педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру сапасын қамтамасыз ету және аккредитация: ұлттық стандарттар мен заманауи тәсілдер». Баяндамашы: Институционалдық тиімділік кеңсесінің басшысы Жанна Габбасова.


Жазғы мектеп алдағы күндері «EdTalks: декандардан білім берудегі заманауи үрдістер» атты форматпен факультет декандары мен институт директоры өз тәжірибелерімен бөлісуде жалғасын табады.


Бұл мектеп - білім мен тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және кәсіби байланыстар орнатуға арналған бірегей алаң.


Барша қатысушыларға сәттілік, жемісті жұмыс және қызықты сәттер тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=