қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.06.2025

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі мүшелері Абай университетіне арнайы келді


2025 жылғы 16 маусымда Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі мүшелері және республикадағы ҚХА кафедралары «Шаңырақ» бірлестігінің өкілдері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде болды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара қонақтарын университет ректорының Аппарат басшысы Жанатбек Ішпекбаев қарсы алды. Шара барысында қонақтар университет мұражайымен танысты. 

 

Іс-шара барысында академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова аналар кеңесі мүшелерін университеттің тәрбие мен білім саласындағы жаңалықтарымен таныстырды.

 

Бұл кездесулер тек ғылыми-практикалық тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті сақтау мен дамытудың берік негізі. Қазақ білімінің қара шаңырағы аталатын Абай университетінде ұйымдастырылып отырған бүгінгі іс-шара - осы мақсат жолындағы жарқын қадам ретінде есте қалды. 

 

Ел бірлігін, ұлттар арасындағы татулық пен келісімді насихаттап келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің дамуына, қоғамдық келісім мен ұрпақтар сабақтастығын сақтауға сүбелі үлес қосып келеді. Осы жолда Аналар кеңесінің рөлі ерекше. Ана - ұлттық тәрбиенің діңгегі, мейірім мен парасаттың иесі. «Шаңырақ» бірлестігі мен Ассамблея кафедралары арасындағы ынтымақтастық - білім мен тәрбиені, руханият пен мәдениетті тоғыстырған маңызды алаң.

 

Осы басқосуға ықпал еткен Қазақстан Республикасы ҚХА мүшелеріне, Алматы қаласындағы «Достық» үйіне, жетекшісі Нұрсәуле Алтековаға және Наталья Калашниковаға алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=