қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.06.2025

Оқу практикасы – кәсіби маман даярлау негізі

 

2025 жылғы 26 мамыр мен 8 маусым аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті география және экология кафедрасының 2 курс 6В01515-География (IP), 6В01516-География-тарих және 6В05202 - Экология білім беру бағдарламасы студенттері Алматы - Семей - Жидебай - Өскемен - Сібе көлдері - Қиын керіш - Марқакөл- Берел сақ қорымы - Рахман қайнары - Өскемен - Алматы бағыты бойынша кешенді зоналық оқу практикасын өткізді.

 

Физикалық және әлеуметтік-экономикалық географиялық кешенді зоналық оқу практикасы - кәсіби география мамандарын даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі саналып, студенттер оқу орны қабырғасында дәріс және практикалық сабақтарда алған білімдерін практика жүзінде тереңдетіп, кәсіби тұрғыда шыңдалады.

 

Практика қорытындысы бойынша өткен есеп беру барысында, студенттер оқу практикасын жоғары деңгейде ұйымдастырған Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп басшылығындағы университет әкімшілігіне зор ризашылықтарын білдіріп, практика есебіне қосымша күнделік, жүріп өткен практика бағыттары бойынша фото және видеоматериалдарын тапсырды.

 

Практикаға доцент Солтанбек Қасенов, аға оқытушы Андрей Абулғазиев және аға оқытушы, магистрлер: Райхан Искакова мен Айкүн Құспанова жетекшілік жасады.

 

  alt=  

 

  alt=