Психологиялық қолдау қызметінің психолог мамандары «Өмір-ең жақсы құндылық» атты семинарға қатысты
2025 жылдың 17 маусымында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Сана» зияткер жастар мектебі қоғамдық қоры Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінде жастармен жұмыс істейтін психологтарға «Суицидтің алдын алу», «Жаман әдеттердің алдын алу», «ЖЖБИ сырқаттанушылығының алдын алу» және «Жыныстық тәрбие» тақырыптарында семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты - психологтарды жастардың психикалық және физикалық денсаулығына кері әсер ететін қауіп факторлары туралы жан-жақты ақпараттандыру, алдын алу шаралары бойынша теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды тиімді әдістер мен құралдарды қолдана отырып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және қауіптің алдын алуға бағытталған жұмыстарда қолдау көрсету.
Семинар теориялық және практикалық бөлімнен тұрды. Практикалық бөлімде топтық тренингтер, жаттығулар және жаңа техникалар жүргізілді. Семинарды аналиктикалық бағыттағы психолог Салтанат Нұрпейісова жүргізді. Семинар соңында қатысушыларға суицид пен зиянды әдеттердің алдын алуға байланысты «Балалармен және жастармен жұмыс істейтін психологтарға арналған практикум» берілді.
Семинарға Психологиялық қолдау қызметінің психолог мамандары Саида Қосбай және Әсел Жусупекова қатысты.


Психологиялық қолдау қызметі