қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.06.2025

«Жасыл ел» студенттерімен «Командадағы мотивация: өзіңді және өзгелерді шабыттандыру» тақырыбындағы тренинг


2025 жылдың 18 маусымында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Командадағы мотивация: өзіңді және өзгелерді шабыттандыру» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

 

Тренингтің негізгі мақсаты - қатысушыларға командада жұмыс істеу кезіндегі мотивацияның негізгі қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ өзін-өзі шабыттандыру және команданың өзге мүшелерін ортақ мақсатқа жету жолында шабыттандыру дағдыларын дамыту.

 

Тренинг барысында қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Көңіл күй» жаттығуын орындады. Сонымен қатар, «Кедергі мен жетістік суреті» жаттығуы жүргізіліп, оның көмегімен студенттер өздерінің ішкі кедергілері мен оларды жеңуге көмектесетін ресурстарын анықтауға мүмкіндік алды. Психологтар командада табысты жұмыс істеуге арналған арнайы ұсыныстар беріп, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

Арт-терапиялық рефлексия барысында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, тренингке кері байланыс берді. Аталған тренингке «Жасыл ел» еңбек жасағының 30-ға жуық студенті қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  


  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі