қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.06.2025

ҚазҰПУ мен Сиань шет тілдері университеті білім және ғылым саласындағы әріптестікті нығайтуда


2025 жылғы 19 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Сиань шет тілдері университеті (Қытай) өкілдері ресми іссапармен келді. Университет Президенті У Яову бастаған делегация құрамында орыс тілі профессоры Линь Мэй және Ғылыми қызметкердің көмекшісі Цао Хуэй бар.

 

Қонақтармен кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп, стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапарғалиева, Өнер факультеті деканы Кәрім Байғұтов, Халықаралық жобалар мен ынтымақтастық бөлімі басшысы Айгерім Тавылдиева, қытай тілі және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Гүлия Алиханқызы және Өнер факультетінің профессоры Лю Вэнь Бин қатысты.

 

Кездесу барысында шетелдік университет өкілдері Абай университетінің тарихымен, әлемдік рейтингтегі орнымен, білім беру бағдарламаларының құрылымымен, жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларымен, академиялық ұтқырлық бағдарламаларымен, профессор-оқытушылар құрамының әлеуетімен және жетістіктерімен танысты.

 

Кездесу барысында қос тарап ғылым, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

 

Тараптар сонымен қатар ғылыми-зерттеу жобалары, академиялық алмасу және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін сөз етті. Әңгіме барысында халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту, бірлескен конференциялар мен жарияланымдар шығару мәселелері қарастырылды. Кездесу аясында тілдік білім беру, халықаралық қатынастар және мәдениетаралық коммуникация бағыттарында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жайы қозғалды. Қос тарап болашақта бірлескен ғылыми семинарлар, зерттеу жобалары мен оқытушылармен алмасу бағдарламаларын іске асыруға мүдделілік танытты.

 

Кездесу нәтижесінде ғылыми және білім беру салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты келісімдерге қол жеткізілді. Мұндай кездесулер халықаралық әріптестік аясын кеңейтіп, білім мен ғылым интеграциясын арттыруға ықпал етеді. Бұл Абай университетінің жаһандық академиялық кеңістікпен ықпалдасу жолындағы маңызды қадамы болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=