![]()
20.06.2025 ҚазҰПУ мен Гулистан мемлекеттік университеті ынтымақтастық меморандумына қол қойды 2025 жылғы 19 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Өзбекстанның Гулистан мемлекеттік университеті (GulDU) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу істері жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жәнібеков, Гулистан мемлекеттік университетінің (GulDU) оқу істері жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Фазлиддин Шарипов, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Бағдат Оразов қатысты.
Тараптар қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша қос дипломдық білім беру жобасын бірлесіп жүзеге асыру жолдарын талқылады. Бұл бастама студенттер мен оқытушыларға академиялық ұтқырлықты кеңейтіп, білім беру сапасын арттыруға септігін тигізбек.
|