қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.06.2025

Халықаралық білім беру саласындағы DAAD жобасы басталды

 

2025 жылғы 20 маусымда DAAD қаржыландыратын халықаралық ғылыми жоба - "The Network on International Education in South Caucasus and Central Asia at the Intersection of Educational Spaces" өз жұмысын ресми түрде бастады.

 

Жобаның мақсаты - Германия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан университеттері арасындағы академиялық әріптестікті дамыту және білім берудегі интернационалдандыру үдерістері аясында мәдениетаралық диалогты нығайту.

 

Abai University атынан жобаны жүзеге асыруға қатысушылар: п.ғ.д., профессор, жергілікті зерттеу тобының үйлестірушісі Улжаркын Абдигапбарова; PhD, аға оқытушы, жоба ассистенті Мадина Молдағали; п.ғ.к., доцент Камарсулу Ибраева; студенттер Шұғыла Жұмабай және Ақжол Мүсілім. Жобаға қатысу халықаралық білім беру саласындағы академиялық ұтқырлық, бірлескен зерттеулер мен тәжірибе алмасу үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.

 

Жоба тобына сәттілік пен нәтижелі жұмыс тілейміз!

  alt=