қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.06.2025

«Трансформациялық көшбасшылықты дамыту және Action Research-ті педагогтің кәсіби тәжірибесіне интеграциялау» курсы


2025 жылғы маусымның 9 мен 21 аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ ЮНЕСКО кафедрасындағы Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығы университеттің профессор-оқытушыларына «Трансформациялық көшбасшылықты дамыту және Action Research-ті педагогтің кәсіби тәжірибесіне интеграциялау» атты 80 сағаттық оффлайн курсын табысты өткізді.


Курстың мақсаты - оқытушылардың трансформациялық көшбасшылық дағдыларын, рефлексивті тәжірибелерін дамыта отырып, Action Research-ті жүзеге асырудың қағидалары, кезеңдері мен циклдерін меңгеру арқылы оқу сапасын өзгерту және жетілдіруге бағытталған, тәжірибеге негізделген зерттеулердің теориясы мен технологияларына үйрету.


Барлық сабақтар интерактивті тренингтер, тимбилдинг әдісі мен геймификациялық тәсілдер негізінде ұйымдастырылды. Курс соңында оқытушылар өздері жүргізетін пәндер мазмұнына сай келетін, оқу үдерісіне енгізуге бағытталған «Action Research дизайны» атты шығармашылық жобаларын сәтті қорғап шықты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=