![]()
26.06.2025 Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасындағы PhD докторанттың диссертациялық жұмысы алдын ала қорғаудан өтті 2025 жылғы 23 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып жатқан PhD докторант Еркінбек Тургуновтың «Жоғары мектепте Бейімбет Майлин шығармашылығын оқыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы алдын ала қорғаудан сәтті өтті.
Алдын ала қорғау академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары, ғылыми жетекшісі және саланың жетекші мамандары қатысып, зерттеу жұмысының өзектілігі мен ғылыми-әдістемелік маңызын жоғары бағалады.
Тургунов Еркінбек өз диссертациялық жұмысында Бейімбет Майлин шығармаларын қазіргі жоғары мектеп бағдарламасына енгізу, оны оқытудың тиімді әдістерін ұсыну және әдеби-әдістемелік тұрғыдан талдауға ерекше назар аударған. Алдын ала қорғау нәтижесінде жұмысқа бірқатар ұсыныстар мен түзетулер енгізу ұсынылды.
Бұл қорытынды кезең - болашақ доктордың ғылыми жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
|