![]()
27.06.2025 Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің түлектеріне диплом табысталды 2025 жылғы 27 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің бітіруші түлектеріне диплом табысталды.
Бүгін факультеттің 470 білім алушысы бакалавр дәрежесін иеленіп отыр.
Салтанатты шараның шымылдығы университеттің әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі проректоры Мақсат Жақауовтың құттықтау сөзімен ашылды. Шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, бітіруші түлектер мен ата-аналар және қадірлі қонақтар қатысты.
Салтанатты жиын барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы бейнеқұттықтауы көрсетіліп, бітіруші түлектерге жүрекжарды тілегі жолданды. Сонымен қатар шара барысында әрбір түлекке ректор атынан Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» жинағы естелік ретінде табыс етілді.
Айта кетейік, биыл Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін 4 239 болашақ маман тәмамдайды. Алдағы күндері Өнер факультеті, Математика, физика және информатика факультеті, Жаратылыстану және география факультеті, Педагогика және психология факультеті, Филология факультеті мен Сорбонна-Қазақстан институтының түлектеріне арналған диплом табыстау рәсімдері өтетін болады.
Сәт сапар!
|