![]()
30.06.2025 Түлектер 35 жылдан соң ҚазҰПУ-да бас қосты 2025 жылғы 28 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін 30-35 жыл бұрын бітірген түлектердің кездесуі өтті.
Іс-шараны академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова кіріспе сөзімен ашып, 30-35 жылдық кездесуге жиналған түлектерге Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің құттықтауын жеткізді.
Салтанатты жиынға арнайы келген Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бастығы Гүлнар Өмірбекқызы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтау хатын оқыды.
Сондай-ақ түлектер арасынан қоғам қайраткері, үздік өлкетанушы, ардақты ана, көркемсөз шебері Зәуреш Демеуқұлова ұстаздарға алғыс білдірді.
Түлектер қауымдастығының жетекшісі - Болатбек Нұрбатыров салтанатты жиынға келген барлық түлекті қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылдап, арнайы сертификаттар мен төс белгілер табыстады.
Іс-шара барысында түлектер «Abai Endowment Fund» Корпоративтік қорының мақсаттарымен танысып, қорды қолдауға және көмек көрсетуге ниет білдірді.
|