қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.06.2025

Сорбонна-Қазақстан институтының түлектеріне диплом табысталды


2025 жылғы 30 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сорбонна-Қазақстан институтының бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті.

 

Іс-шараға университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау, институт директорлары Айнұр Сабитова (Қазақстан) және Аньэс Буссэ (Франция), профессор-оқытушылар құрамы, түлектер, олардың ата-аналары мен құрметті қонақтар қатысты.

 

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің түлектерге арналған бейнеқұттықтауы көрсетіліп, жас мамандарға ақжарма тілектер жолданды.

 

Сонымен қатар, диплом табыстау рәсімінде түлектерге университет атынан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» жинағы естелік ретінде тарту етілді.

 

Айта кетейік, биыл Сорбонна-Қазақстан институтын 136 жас маман сәтті аяқтап, болашаққа нық қадам басып отыр.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=