қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.07.2025

Абай университетіне Іле педагогикалық университетінің делегациясы келді (Қытай)


2025 жылғы 30 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қытай Халық Республикасының Іле педагогикалық университеті делегациясымен ресми кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - екіжақты академиялық ынтымақтастықты нығайту және білім мен ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан кездесуге стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Баян Сапаргалиева, қытай тілі және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Гүлия Алиханқызы және университеттің факультеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

 

Кездесу барысында тараптар студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру, шетелдік ғалымдарды оқу үдерісіне тарту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске қосу мәселелерін талқылады. Ерекше назар қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу механизмдерін қарастыруға аударылды.

 

Кездесу өзара құрмет, қызығушылық және ұзақ мерзімді серіктестікке ұмтылыс жағдайында өтті. Қабылданған уағдаластықтар академиялық көкжиектерді кеңейтуге және екіжақты білім беру кеңістігін интернационалдандыруға өз үлесін қосады деп күтілуде.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=