«Университет қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»
Университет қабырғасында «Жазғы мектепті» өткізу кезеңінде біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде 2025 жылғы 16 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі ПОҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау және қалыптастыру мақсатында университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кезекті кездесулер өткізді.
Комплаенс-қызметтің басшысы Қ. Мәдиев университет өз қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа парасаттылық пен «нөлдік төзімділік» идеологиясын ілгерілете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.
Сөз сөйлеуші «Комплаенс-жүйе өзін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді және пәрменді құрал ретінде көрсетті және оның негізгі құралы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылатынын» атап өтті.
