қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.07.2025

ҚазҰПУ-да «Ахуалдық орталық» жұмысын бастады


2025 жылғы 10 шілдеден бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2025-2026 оқу жылына білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында «Ахуалдық орталық» өз жұмысын бастады.

 

Жатақханаға орналасу үдерісінде келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін 2025 жылғы 7 шілде мен 5 қыркүйек аралығында Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 28 мекен-жайында орналасқан Қабылдау комиссиясы жанынан арнайы «Ахуалдық орталық» құрылып, толық форматта қызмет көрсетуде.

 

Абай университеті 2025-2026 оқу жылында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 3545 білім алушыны жатақханамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

 

Орындар келесі түрде бөлінген:

Университет әкімшілігіне қарасты 5 жатақханада - 1071 орын;

Ақылы жалдамалы жатақханаларда - 2474 орын.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=