Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы ғылыми дәрежеге ие болды
2025 жылғы 27 маусымда Филология факультеті академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының магистр, аға оқытушысы Юсуп Айжан Нурашкызы «6D021400 - Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Зерттеу тақырыбы: «Қазақ әдебиетіндегі киелі жерлер образы (Генезис, эволюция, поэтика)».
Диссертациялық кеңестің тұрақты және уақытша мүшелері мен кеңес төрағасы, ф.ғ.д., профессор Б.Әбдіғазиұлы зерттеудің өзектілігін, жаңалығы мен маңыздылығын жоғары бағалады.
Рецензенттер - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Б.М.Султанова және М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қауымдастырылған профессор м.а., PhD Ж.Бейсенұлы ізденушіге шығармашылық және ғылыми жетістіктер тілей отырып, жұмыстың теориялық тереңдігі мен практикалық құндылығын атап өтті.
Диссертациялық кеңестің 9 мүшесі қатысқан жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Айжан Юсуптың жұмысы бірауыздан толық аяқталған және сәтті қорғалған жұмыс деп танылды.

