қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.07.2025

Екатерина Смолякова АВА мамандарының халықаралық симпозиумына қатысты


2025 жылғы 10 шілдеде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қолданбалы мінез-құлық талдауы (АВА) саласындағы мамандардың халықаралық симпозиумы өз жалғасын тапты.


Симпозиумның басты мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қолданбалы мінез-құлық талдауының даму перспективаларын, АВА мамандарының қызметін, білім беру ұйымдары мен қоғам арасындағы инклюзияны қамтамасыз етудегі өзара әрекеттестігін талқылау болды.


Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова, АҚШ, Канада, Ресей және Қазақстанның тәжірибелі мінез-құлық талдаушылары, даму ерекшелігі бар балалардың ата-аналары, сондай-ақ мемлекеттік мекеме өкілдері мен сарапшылар қатысты.

 

Симпозиумның үшінші күні «ABA халықаралық оқыту стандарттары, Қазақстанға арналған сабақтар» тақырыбына арналды. ВСВА (АҚШ) сертификаты бар мінез-құлық талдаушы, ата-аналарға білім беру академиясының негізін қалаушы және жетекшісі Ольга Шаповалова «Когда понимание важнее галочки. Купер - снова, но на понятном языке» атты баяндамасында терең мағыналы ойларымен бөлісті.

 

Түскі үзілістен кейін Ольга Шаповалова қатысушыларға «АСТ в работе с подростками, как АСТ помогает справиться с тревожностью в пубертатный период» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

 

Осылайша, симпозиум қатысушылары қазіргі заманғы ABA әдістерін терең түсініп, тәжірибелік дағдыларын арттыруға мүмкіндік алды, әрі Қазақстандағы қолданбалы мінез-құлық талдауының дамуына өз үлестерін қосты.

 

  alt=