қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.07.2025

ҚазҰПУ білім беру гранттарына өтініш қабылдауды бастады


13 шілде күні еліміздегі жоғары оқу орындарында білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды.


Өтініш қабылдау 13 шілдеде басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады. Құжаттарды eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе университет жанындағы қабылдау орталықтары арқылы тапсыруға болады.


Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер:
1. Жеке куәлік;
2. ҰБТ сертификаты;
3. 3x4 көлеміндегі фото;
4. Орта білім туралы аттестат (немесе колледж түлектері үшін диплом);
5. Жеңілдетілген санатқа жататындар үшін растайтын құжаттар (егер бар болса).

 

ҰБТ шекті балдары


Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:
1.  «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша - кемінде 75 балл;

2. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін - кемінде 65 балл;
3. Басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін - кемінде 50 балл;
4. Көрсетілген шектік балдар ішінде Қазақстан тарихы, екі бейіндік пәндері және шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.


Қысқартылған оқу мерзіміне түсушілер үшін ҰБТ шекті баллы:
1. «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша кемінде - 35 балл;
2. Басқа білім бағдарламалары бойынша кемінде - 25 балл;
3. Әр пән және шығармашылық емтихан бойынша - кемінде 5 балл жинау қажет.
Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

 


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=