қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.07.2025

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Азия чемпионатына жолдама алды

 

2025 жылғы 11-13 шілде аралығында Астана қаласында өткен Халықаралық KAZAKHSTAN OPEN каратэ турнирі жоғары деңгейде өтті. Бұл жарысқа еліміздің және шетелдің үздік спортшылары қатысты.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 2-курс студенттері Қадырғали Алихан мен Аянұлы Санжар сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Қадырғали Алихан 1-орынды жеңіп алса, Аянұлы Санжар 2-орынды еншіледі. Екі спортшы да Азия чемпионатына жолдама алды, бұл олардың спорттық деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді.


Бұл жетістік университетіміздің спорт саласындағы беделін арттырып, халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, студенттердің қажырлы еңбегі мен ұстаздарының кәсіби дайындығының нәтижесі болып табылады.

  alt=