«Шоудаун» Республикалық IV ашық турнирінің ашылуы
2025 жылғы 21 мен 23 шілде аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Әлеуметтік және жастар саясаты департаменті жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен көру қабілеті шектеулі жандарға арналған үстел теннисі - ШОУДАУН бойынша Республикалық IV ашық турнирі өтуде.
Турнирдің ашылуы 2025 жылдың 21 шілдеде еліміздің түкпір-түкпірінен - Алматы, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан қалаларынан келген спортшылардың қатысуымен өтті.
Бұл ерекше спорт түрі - шоудаун, көру қабілеті шектеулі жандарға арналған танымал үстел теннисі. Бұл ойын елімізде қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі.
Турнирдің басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, оларды белсенді өмір салтына тарту және қоғамдағы инклюзивтілікті дамыту.
Шоудаун - тек ойын емес, ол реакцияны дамытып, сенсорлық қабылдауды арттыратын маңызды спорт түрі.
Турнирдің ашылуы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Шоудаун Қазақстан Федерациясының Президенті Марат Қожахметов және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Абай атындағы ҚазҰПУ алдағы уақытта да инклюзивті спорт пен әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуді жалғастырады.




