![]()
02.09.2025 Абай атындағы ҚазҰПУ-де Білім күні мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы дәрісхананың ашылуы өтті 2025 жылғы 2 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жаңа оқу жылының басталуына орай дәстүрлі «Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара аясында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын тапты. Университет ректоры Болат Тілептің ұсынысымен және кәсіподақ ұйымының қолдауымен аудан мектептерінің оқушыларына оқу құрал-жабдықтары табысталды. Салтанатты жиын студенттердің шығармашылық концертімен жалғасып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты жиында Болат Тілеп құттықтау сөз сөйлеп, Ахмет Байтұрсынұлының 1928-1929 жылдары дәл осы университет қабырғасында қызмет еткенін ерекше атап өтті. Қонақтар оқу ордасына ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Ахмет Байтұрсынұлы. 12 томдық шығармалар жинағының» қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларын, сондай-ақ Райхан Имаханбеттің «Ғасыр саңлағы» атты еңбегін тарту етті.
Шара соңында университет ректоры бірінші курс студенттеріне арнап қоғамдық дәріс оқып, жаңа оқу жылының мазмұнды басталуына жол ашты.
02.09.2025 Ақпарат көзі: qamshy.kz
|