қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.09.2025

Қытай университеттерімен ынтымақтастық келісіміне қол қойылды

 

2025 жылғы 30 тамыз - 3 қыркүйек аралығында Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аясында Қазақстан - Қытай Іскерлік кеңесінің алаңында еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен Қытайдың беделді университеттері  20-дан астам маңызды құжатқа қол қойылды.

 

Бұл келісімдер білім беру, ғылым және инновациялар саласындағы серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

 

Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тяньцзинь педагогикалық университеті, Чжэцзян технологиялық университеті және Zhejiang Zhonghe Technology Co., Ltd. компаниясыеңістік-уақыт жасанды интеллектісі  Қазақстан-Қытай ғылыми-технологиялық альянсын құру және «Бір белдеу - бір жол» бірлескен зертханасын ашу туралы келісім жасалды.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атынан келісімге Академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова қол қойды.

 

 

  alt=